Бокстан Азия чемпионаты: Жүсіпов жартылай финалға шығудан бас тартты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Таиландта өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында қазақстандық боксшы Теміртас Жүсіпов қола медальді қанағат тұтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін бокстан жартылай финалдық жекпе-жектер басталды. Өкінішке қарай, 49 келі салмақта ел намысын қорғап жатқан Теміртас Жүсіпов жарақатына байланысты жартылай финалға шыққан жоқ. Сол себепті ол қола медальға иелік етті. Оның қарсыласы үндістандық Дипак болатын.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, «Сары құрлық» додасында жартылай финалға 11 боксшымыз өтті.

Нақтырақ айтар болсақ, ерлерден - 7, ал әйелдер құрамынан 4 боксшы ½ финалда сынға түседі.

Ерлер:

49 келі. Теміртас Жүсіпов - Дипак (Үндістан)

60 келі. Зәкір Сафиуллин - Шива Тхапа (Үндістан)

64 келі. Санатәлі Толтаев - Баходир Усмонов (Тәжікстан)

75 келі. Тұрсынбай Құлахмет - Нұрсахат Паззыев (Түркменстан)

81 келі. Бек Нұрмағанбет - Эркин Адылбек уулу (Қырғызстан)

91 келі. Василий Левит - Ким Хьен Кю (Оңтүстік Корея)

+91 келі. Қамшыбек Қоңқабаев - Сатиш Кумар (Үндістан)

Әйелдер:

64 келі. Милана Сафронова - Дан Ду (Қытай)

69 келі. Дариға Шәкімова -Ниен Чин Чен (Қытай)

81 келі. Фариза Шолтай - Пуджа Рани (Үндістан)

+81 келі. Ләззат Күнгейбаева - Сяоли Янг (Қытай).

Соңғы жаңалықтар