Бокстан Азия чемпионатында сегіз бірдей қазақстандық финалға шықты
81 келі салмақта сынға түскен қазақстандық Әділбек Ниязымбетов пен ирандық Эхсан Рузбаханидің арасындағы кездесу Ниязымбетовтың жеңісімен аяқталды. Үш раундтың қорытындысы бойынша үш төрешінің екеуі жеңісті қазақстандық боксшыға берген.
Эсхан Рузбахани әлемдік бокс сериясының қазіргі чемпионы. Astana Arlans клубының құрамында ол аталған турнирдің үшінші маусымында жеңімпаз атанған болатын. Лондонда өткен Олимпиада кезінде қазақстандық боксшы Иран спортшысына жартылай финалға өтуге мүмкіндік бермеген болатын, сондықтан Ниязымбетов пен Рузбаханидің арасында өз есептері де болды. Десе де ирандық боксшы Әділбектен есесін қайтара алмады.
Чемпионаттың ақтық сынында Ниязымбетов өзбек бокс мектебінің өкілі Ойбек Мамазулуновпен кездеседі.
Сонымен қатар кешкі сессия барысында тағы үш қазақстандық финалға жолдама алды: Берік Әбдрахманов (60 келіге дейін), Данияр Елеусінов (69 келіге дейін) және Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері Иван Дычко (91 келіден жоғары). Нәтижесінде қазақстандық он боксшының сегізі Азия чемпионы титулы үшін тартысатын болады.
Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін финалға Теміртас Жүсііпов (49 келіге дейін),Мерей Ақшалов (64 келіге дейін), Жәнібек Әлімханұлы (75 келіге дейін) және Антон Пинчук (91 келіге дейін) жолдама алған болатын.
Финалдық кездесулер бүгін, 8 шілде күні өтеді.
Бокстан Азия чемпионатының финалдық жұптарының тізімі
49 келіге дейін
Теміртас Жүсіпов (Қазақстан) - Девендро Лайшрам (Үндістан)
52 келіге дейін
Шахобидин Зоиров (Өзбекстан) - Азат Усеналиев (Қырғызстан)
56 келіге дейін
Шива Тхапа (Үндістан) - Обада Алькасбех (Иордания)
60 келіге дейін
Берік Әбдрахманов (Қазақстан) - Сайл Арди (Таиланд)
64 келіге дейін
Мерей Ақшалов (Қазақстан) - Мункх-Эрден Уранчимег (Моңғолия)
69 келіге дейін
Данияр Елеусінов (Қазақстан) - Мандип Джангра (Үндістан)
75 келіге дейін
Жәнібек Әлімханулы (Қазақстан) - Навруз Джафоев (Тәжікстан)
81 келіге дейін
Әділбек Ниязымбетов (Қазақстан) - Ойбек Мамазулунов (Өзбекстан)
91 келіге дейін
Антон Пинчук (Қазақстан) - Ихаб Алматбули (Иран)
91 келіден жоғары
Иван Дычко (Қазақстан) - Изатулла Эргашев (Өзбекстан)