Бокстан Бакуде өтетін халықаралық турнирге қатысатын спортшылар белгілі болды

АСТАНА. KAZINFORM – 10-16 сәуір аралығында Бакуде бокстан «Жібек жолы» халықаралық турнирі өтеді. Бұл туралы ҰОК хабарлады. 

бокс
Фото: ҰОК

Ұлттық құраманың бапкерлер штабы аталмыш турнирде бақ сынайтын спортшылардың тізімін жариялады.

Жарысқа қатысатын боксшылар:

48 келі: Е.Қарап, Н.Төребеков

51 келі: Р.Нұрлыбаев

54 келі: Б. Кенжебек, Б.Боранбек, Ж. Сәрсенбаев

57 келі: Е.Сабыр, Е.Тұрдан

60 келі: Ш.Мусинов, Ж.Көшербаев

63.5 келі: Б. Мағжан

67 келі: Д. Бекбауов, А.Көшербаев

71 келі: Н.Мурсал, Е.Сүйінбай

75 келі: С.Бегалиев, Ө. Сейілхан, М.Өтегенов

86 келі: Д.Мамыр

92 келі: Д. Рахымбердиев.

Отандастарымыз 30 наурыздан бастап Әзербайжанда бірлескен оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. 

Бұған дейін Бразилияда өтіп жатқан бокстан World Boxing аясында әлем кубогының бірінші кезеңіндегі екінші жарыс күнінде Даниял Сапарбай (90 келіден жоғары) жартылай финалға шыққанын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар