Бокстан барлық жас санаты бойынша Қазақстан чемпионаты қашан өтеді
АСТАНА. KAZINFORM — Бокстан барлық жас санаты бойынша Қазақстан чемпионаты қай уақытта өткізілетіні белгілі болды.
Алдымен Ақтау қаласында 7-13 қараша аралығында 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер жүлдені сарапқа салса, 19 жасқа дейінгілер 15-22 қарашада Астанаға жиналады.
Сондай-ақ 17 және 19 жасқа дейінгі қыздар 29 қараша-5 желтоқсан аралығында ел біріншілігіне қатысады.
Ал ересектер арасындағы ел біріншілігі 30 қазан-6 қараша аралығында Тараз қаласында болады. Алдымен 29 қазанда жеребе тарту рәсімі өткізілсе, боксшылар 30 қазан-1 қарашада алдын-ала жекпе-жекте сынға түседі.
Одан кейін 2-3 қарашада ширек финал болса, 4-5 қарашада жартылай финал белгіленген.
Ал 6 қарашада боксшылар финалда бас жүлдені сарапқа салады.
Еске салсақ, Қазақстан құрамасынан жеті боксшы U19 әлем чемпионатының ширек финалына өтті.