18:16, 27 Тамыз 2014 | GMT +5
Бокстан бұрынғы әлем чемпионы немере ағасын оққа байлағаны үшін тұтқындалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бокстан орта салмақта абсолютті әлем чемпионы американдық Джермен Тейлор немере ағасымен жанжалдасып, оқ атқаны үшін Джорджия штаты полициясының қолына түсті, деп хабарлады шетелдік БАҚ.

Үш оқ тиген Тейлордың немере ағасы ауруханаға жатқызылған. Ал 36 жастағы боксшы қазіргі уақытта қамауға алынып, сот үкімін күтуде.
Айта кетейік, Д.Тейлор ең мәртебелі 4 нұсқа, атап айтқанда Дүниежүзілік бокс кеңесі, Дүниежүзілік бокс қауымдастығы, Халықаралық бокс федерациясы және Дүниежүзілік бокс ұйымы нұсқасы бойынша абсолютті әлем чемпионы атанған болатын.