Бокстан ел спартакиадасының финалында кімдер кездесіп жатыр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Кеше Қызылордада бокстан Қазақстан Спартакиадасының финалына жолдама алған спортшылар белгілі болды. Жартылай финал нәтижесі бойынша, Нұр-Сұлтан спортшылары алда тұр. Елорданың алты боксшысы ақтық сында алтынға таласады, деп хабарлайды Olympic.kz.
Финалда кездесетін боксшылар жұбы:
49 келі
Жомарт Ержан (Түркістан облысы) - Асхат Жүсіпов (Нұр-Сұлтан)
52 келі
Сәкен Бибосынов (Түркістан облысы) - Евгений Павлов (СҚО)
56 келі
Ілияс Сүлейменов (Нұр-Сұлтан) - Нұрбол Қалжанов (Маңғыстау облысы)
64 келі
Дінмұрат Мижитов (Алматы) - Нұржан Мақашбаев (Алматы облысы)
69 келі
Талғат Шайкен (Ақмола облысы) - Аятолла Тәкіжанов (Павлодар облысы)
75 келі
Ермахан Жакпеков (ШҚО) - Тимур Нұрсейітов (Нұр-Сұлтан)
81 келі
Ерік Әлжанов (Маңғыстау облысы) - Нұрбек Оралбай (Нұр-Сұлтан)
91 келі
Айбек Оралбай (Нұр-Сұлтан) - Оңталап Рахманов (Қызылорда)
+91 келі
Сержан Сейтімбетов (Ақтөбе) - Нұрболат Сермаханов (Нұр-Сұлтан)
Финалдық кездесулер қазіргі сәтте өтіп жатыр.