Бокстан ересектер арасындағы Қазақстанның жекелей чемпионаты Астанада өтеді

АЛМАТЫ. Желтоқсанның 30-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Астанада қаңтардың 15-23-і күндері бокстан ересектер арасындағы Қазақстанның жекелей чемпионаты өтеді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстан бокс федерациясына сілтеме жасап.

Бұл федерацияның 2010 жылғы негізгі республикалық және халықаралық жарыстар күнтізбесіндегі алғашқы спорттық шара болмақ. «Дәулет» спорттық теннис кешенінде өтетін байрақты бәсекеге республикалық маңызы бар Астана, Алматы қалалары мен барлық облыстардан құрама командалар қатысады. Чемпионаттың жартылай және ақтық сындарының  негізгі жекпе-жектерін «Қазақстан» ұлттық телеарнасы трансляция жасайтын болады. Бұл дүбірлі доданың іріктеу сындары қаңтардың 15-20 күндері, ал 1/8 және ¼  сайыстары қаңтардың 21-і, жартылай   және ақтық финалдары қаңтардың 22-23-і күндері өтеді.

Соңғы жаңалықтар