14:23, 21 Желтоқсан 2017 | GMT +5
Бокстан Ғалым Жарылғапов атындағы халықаралық турнир басталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағандыда Ғалым Жарылғаповты еске алуға арналған бокстан халықаралық турнир басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Бокс федерациясы мәліметінше, осымен 34-ші рет өтіп жатқан байрақты бәсекеде Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Үндістаннан келген 190 былғары қолғап шебері бақ сынайды. Биылғы турнирге ерлер - 10, ал әйелдер 5 салмақ санаты бойынша жұдырықтасады.
Шаршы алаңдағы жекпе-жектердің ақтық кездесулері 24 желтоқсанда өтіп, жеңімпаздар анықталатын болады.
Айта кетейік, даңқты спортшы 1984 жылы дүниеден өтіп, сол жылы оны еске түсіруге арналған алғашқы турнир өткізілген еді.