Бокстан Қазақстан біріншілігінде 1/2 финалға қай облыстан көп спортшы шықты
АСТАНА. KAZINFORM - Жамбыл облысының орталығы - Тараз қаласында 29 қазан - 6 қараша аралығында өтіп жатқан ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатында жартылай финалға шыққан боксшылар анықталды.
Ел біріншілігінің жартылай финалына Алматы қаласынан 14 былғары қолғап шебері шықса, одан кейін Қарағанды облысынан 12, Жамбыл облысынан 11 спортшы үміт артып отыр.
Ал Түркістан облысынан - 8, Шымкент қаласынан - 7, Жетісу облысынан - 6, Астана қаласы мен Ақмола облысынан - 4, Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстарынан - 3, Алматы мен Қостанай облыстарынан - 2, Ақтөбе, Абай, Маңғыстау, Павлодар облыстарынан - боксшы жартылай финалға шықты.
Ел біріншілігінде барлығы 20 салмақ бойынша жүлделер сарапқа салынып жатыр. Боксшылар 30 қазан -1 қарашада алдын ала жекпе-жекте сынға түсті.
Одан кейін 2-3 қарашада ширек финал болса, 4-5 қарашада жартылай финал белгіленген. Ал 6 қарашада боксшылар финалда бас жүлдені сарапқа салады.