Бокстан Қазақстан құрамасының Азия ойындарындағы алғашқы қарсыластары анықталды
АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін Аичи-Нагоядағы жазғы Азия ойындарында бокс бәсекесінің жеребесі тартылды.
Құрлықтық бәсекеде еліміздің ерлер құрамасында 6, әйелдерде 5 боксшы шаршы алаңға шығады. Олардың қатарында ерлерде Махмұд Сабырхан (55 келі), Оразбек Асылқұлов (60 келі), Төрехан Сабырхан (70 келі), Сабыржан Аққалықов (80 келі), Нұрбек Оралбай (90 келі), Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) бар
Ал әйелдерде тізімге Алуа Балқыбекова (51 келі), Назым Қызайбай (54 келі), Виктория Графеева (60 келі), Аида Әбікеева (65 келі) және Наталья Богданова (75 келі) енгізілген.
Әйелдер
51 келі.
Алуа Балқыбекова 1/8 финалда Сакши Чаудхари (Үндістан) - Аира Виллигас (Филиппин, Париж Олимпиадасының қола жүлдегері) жұбының жеңімпазымен жолығады.
54 келі. 17 боксшы.
1/8 финал
Назым Қызайбай - Ксуа Жао (Қытай)
60 келі. 16 боксшы
1/8 финал
Виктория Графеева - Линь Юй-Тин (Тайпей, Париж Олимпиадасының чемпионы. 2 дүркін әлем чемпионы)
65 келі. 13 боксшы
Аида Әбікеева ширек финалда Шу Ли (Қытай, Азия чемпионатының қола жүлдегері) - Кусум Таманг (Непал) жұбының жеңімпазымен жолығады.
75 келі. 7 боксшы
1/4 финал
Наталья Богданова - Азиза Зокирова (Өзбекстан, 2025 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері)
Ерлер
55 келі. 23 боксшы
Махмұд Сабырхан 1/8 финалда Чон Рионг Со (Солтүстік Корея) - Мехди Каземи (Иран) жұбының жеңімпазын күтеді.
60 келі. 27 боксшы
Оразбек Асылқұлов 1/8 финалда Жун-ю Лин (Тайпей) - Донгхван Жанг (Оңтүстік Корея) жұбының жеңімпазымен айқасады.
70 келі. 24 боксшы
Төрехан Сабырхан 1/8 финалда Дук Нгок Нгуен (Вьетнам) - Мохаммед Дбичи (Қатар) жұбының жеңімпазымен жұдырықтасады.
80 келі. 14 боксшы
1/8 финал
Сабыржан Аққалықов - Минсеонг Ким (Оңтүстік Корея)
90 келі. 12 боксшы
1/8 финал
Нұрбек Оралбай - Силаб Нури (Ауғанстан)
90 келіден жоғары. 9 боксшы
Айбек Оралбай ширек финалда Мирзакир Кошалиев (Қырғызстан) - Довлет Исламов (Түркіменстан) жұбының жеңімпазын күтеді.
Азия ойындарында 21-26 қыркүйек аралығында алдын ала іріктеу кезеңі өткізілсе, 27-28 қыркүйекте ширек финал, 29-30 қыркүйекте жартылай финал болады. Финал 2 қазанға белгіленген.