Бокстан Қазақстан құрамасы Германия командасымен кездесу өткізеді (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы облысындағы Дүниежүзілік бокс академиясында ұлттық бокс командаларының жиыны өтіп жатыр. Бұл жолы Қазақстан және Германия командалары бірге жаттығу өткізіп жатыр.
None
None

Қазақстан құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов академияға 69-дан 91 келіге дейін және одан жоғары тапшы салмақ санатындағы спарринг әріптестер келгеніне қуанышты екенін жеткізді.

Олардың біразы олимпиадалық жолдамалар ұтқан - Араик Марутян (69 келі), Давид Граф (91 келі) және Эрик Пфайфер (91 келіден жоғары).

Қазақстандық бокс федерациясы атап өткендей, неміс командасы мүшелерінің жартысына жуығы орыс тілінде сөйлейді. Марутян мен Граф - Армения, Пфайфер - Ресей тумалары.

Қазір біздің спортшылар мен неміс боксшылары жұппен жаттығу жасауда, екі команданың кездесуі 17 және 19 ақпанда өтеді.
null null null null null null null null null null null null null null

Соңғы жаңалықтар