Бокстан Қазақстан құрамасының жаңа капитаны белгілі болды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны болған Абылайхан Жүсіпов кәсіпқой деңгейге ауысатынын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
67 келі салмақта өнер көрсетіп келген А.Жүсіпов әлемнің үш дүркін қола жүлдегері. Ол әуесқой бокста бұған дейінгі соңғы жекпе-жегін 2021 жылдың 4 қарашасында Сербия астанасы Белградта өткен Әлем чемпионатында өткізді. Әлем біріншілігінің үшінші «қоласы» осы турнирде бұйырған еді.
«Ұлттық құраманың боксшылары және жаттықтырушылар штабы капитан ретінде Асланбек Шымбергеновты таңдап алды», - деді бокстан Қазақстан құрамасының тәлімгері Қайрат Сәтжанов.