Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы террорлық әрекеттерге қарсы акциясына қатысты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы террорлық әрекеттерге қарсы екендерін жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл туралы Афина олимпиадасының чемпионы, Вэл Баркер кубогының иегері Бақтияр Артаев Фейсбуктегі парақшасында жазды.
«Бокстан Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасы бүкіл әлемдегі өзекті мәселеге қарсы екендерін және #Noterrorism #Noextremism қоғамдық акциясын бізбен бірге қолдап ел тыныштығы мен ұлт болашағы үшін алаңдайтындықтарын білдірді», - деп жазды Б.Артаев.
Сондай-ақ, ол боксшыларымызға Германияда өтетін әлем біріншігінде сәттілік тіледі.
«Бокстан Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасына рахмет айта отырып, Германияда өтетін әлем біріншілігінде сәттілілік тілеп ,Ел сенімін абыроймен ақтап,жеңіспен оралуларына тілектеспіз», - деп жазды ол.