Бокстан Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы Әлем чемпионатына қатысады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бокстан Қазақстанның жасөспірімдер құрама командасы 2015 жылғы Әлем чемпионатын қатыспақ. Дүбірлі дода 4-12 қыркүйекте Санкт-Петербор қаласында өтеді, деп хабарланған ҚР бокс федерациясының сайтында.
Халықаралық бокс қауымдастығының ресми сайты: " Бұл жарыс былғары қолғап жас шеберлері үшін алдағы спорттық өмірдегі алғашқы қадамдардың бірі болмақ, сондықтан қатысушылардан жоғары сапалы боксты күтемін", - деп AIBA президенті доктор Чинг-Куо Вудің сөзін келтірген.
Жасөспірімдер құрамасының аға бапкері Қайрат Сайжановтың айтуынша, жаттықтырушыларда толық құрамын бекіту үшін бір айдай уақыт бар. Спортшылар шілденің 10-26 аралығында Ыстықкөлде оқу-жаттығу жиынын өткізіп, тамыздың басында Қостанайдағы А.Мирошниченко атындағы жарысқа қатысады. Тек осыдан кейін ғана әлем чемпионатына аттанатын боксшылардың есімдері белгілі болады. "Әлем чемпионатының алдында 20 тамыз бен 2 қыркүйек аралығында Алматыда соңғы жиынын өткізіп, Санкт-Петербор қаласына жолға шығамыз, - дейді Қайрат Тұрсынханұлы. - Шілде-тамыз айларынан кейін кейбір салмақ дәрежелері бойынша шешім қабылдаймыз, әрине, көрсеткіштерімізді жақсартуға тырысамыз". Жарысқа 13 салмақ дәрежелері бойынша 15-16 жасар боксшылар қатыса алады. Санкт-Петебор қаласына 80 елдің өкілдері келеді деп күтілуде.