Бокстан Қазақстанның жекелей чемпионаты өтеді

АСТАНА. 24 қаңтар. ҚазАқпарат - Ақпанның 12-сі мен 20-сы аралығында Алматы қаласында Қазақстан халықтарының III спартакиадасы шарасы аясында бокстан ересектер арасында Қазақстанның жекелей чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Қазақстанның бокс федерациясының баспасөз қызметі.

Бокстан Қазақстанның жекелей чемпионаты өтеді

Жарыс Алматы қаласындағы «Балуан Шолақ» спорт кешенінде өтеді. Оған 14 облыс және Астана мен Алматы қалаларының құрамалары қатысады.

Қазақстанның әр өңірлерінен келген ең мықты әрі болашағынан үміт күттіретін боксшылардың бір шаршы алаңда қолғап түйістіруі және осы спорт түріне деген ел халқының зор қызығушылығын ескере отырып, ел біріншілігінің кездесулері ұлттық телеарналардың бірінен көрсетілетін болады деп ұйғарылған.