Бокстан ҚР Чемпионатында финалға жолдама алған боксшылар тізімі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Тараз қаласында өтіп жақан бокстан Қазақстан чемпионатының жартылай финалдық кездесулері аяқталды, деп хабарлады sportnews.kz.
Ақтық сынға Оңтүстік Қазақстан облысынан - 6, Ақмола облысынан - 4, Маңғыстау облысынан - 1, Жамбыл облысынан - 4, Қарағанды облысынан - 1, Алматы облысынан 2 және Астана қаласынан 2 боксшы шықты. Олар: 49 келі Жомарт Ержан (ОҚО - Теміртас Жүсіпов (Ақмола обл) 52 келі Азамат Исақұлов (Маңғыстау обл) - Олжас Сәттібаев (Жамбыл обл) 56 келі Нұрсұлтан Көшеғұлов (Ақмола обл) - Алмас Жақыпов (Жамбыл обл) 60 келі Ержан Мүсәпіров (Қарағанды обл) - Зәкір Сафиуллин (ОҚО) 64 келі Алмасбек Әлібеков (ОҚО) - Самат Башенов (Астана қ) 69 келі Сағадат Рахманқұлов (Жамбыл обл) - Асланбек Шымбергенов (Жамбыл обл) 75 келі Мейірім Нұрсұлтанов (Астана қ) - Нұрзат Сабыров (ОҚО) 81 келі Нұрдәулет Жарманов (Ақмола обл) - Арман Рысбек (Алматы обл) 91 келі Асқал Абдуллаев (ОҚО) - Алмат Серімов (Ақмола обл) 91+ келі Нұржан Бекзатов (ОҚО) - Руслан Мырсатаев (Алматы обл)