Бокстан қыздар арасындағы ӘЧ: Тағы бір қазақстандық бойжеткен финалға шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық былғары қолғап шебері Дина Жоламан бокстан Астанада өтіп жатқан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының финалына өтті. Бұның алдында ақтық сынға Назым Қызайбай да жолдама алған еді.

Бокстан қыздар арасындағы ӘЧ: Тағы бір қазақстандық бойжеткен финалға шықты

54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жартылай финалда қазақстандық Дина Жоламан қытайлық Пьяопьяо Льюді тізе бүктірді. Есеп - 3:0 (39:37, 39:37, 39:37).

Жерлес спортшымыз финалда Кристина Крусты (АҚШ) жеңген Стойка Петровамен (Болгария) кездеседі.

Шешуші кездесулер ертең өтеді.