Бокстан лицензиялық турнир: Ертең шаршы алаңға кімдер шығады

АСТАНА. KAZINFORM - Бокстан Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан халықаралық лицензиялық турнирде ертең Қазақстан құрамасынан үш боксшы шаршы алаңға шығады.

бокс
Фото: boxingkazakhstan/Instagram

Атап айтсақ, әйелдер арасында 60 келі салмақта Римма Волосенко, ерлер арасында 71 келі салмақта Асыланбек Шымбергенов және 63,5 келі салмақта Мухаммедсабыр Базарбайұлы шаршы алаңға шығады.

5 наурыз күнгі жарыс кетсесі:
Астана уақытмен 15:00:

60 келі - Қазақстан - Римма ВОЛОСЕНКО - Petra SZABO (Венгрия)

21:45:
71 келі - Қазақстан - Асланбек ШЫМБЕРГЕНОВ - Sam MOROVATI (Финляндия)

00:30:
63,5 келі - Қазақстан - Мухаммедсабыр БАЗАРБАЙУЛЫ - Phillip DONNEL (Тринидад/Тобаго).

Естеріңізге сала кетейік, аталған турнирде Париж Олимпиадасының жолдамасына ерлерден алты, әйелдерден бес боксшы қатысып жатыр.

Лицензиялық турнирде ерлер арасында 28, әйелдер арасында 21 жолдама сарапқа салынуда.

Турнир 3-12 наурыз аралығында өтеді.