14:49, 28 Наурыз 2016 | GMT +5
БОКСТАН ОЛИМПИАДАҒА ІРІКТЕУ: Үш боксшымыз - ширек финалда
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың Цяньань қаласында бокстан Азиялық іріктеу жарысы өтіп жатыр.

Бүгін 1/8 финал кездесулері өтіп жатыр.
81 келі салмақта Әділбек Ниязымбетов кореялық Хегун Янмен кездесіп, 3:0 есебімен жеңіп, ширек финалға аяқ басты. Енді ол сириялық Алаа Елдин Гоусанмен кезеседі.
52 келіде Азия чемпионы Олжас Сәттібаев Ролдан Бонкалесті (Филиппин) 3:0 есебімен жеңді.
64 келіде Абылайхан Жүсіпов жарыстың нөмері бірінші боксшысы Хун Чун Лиді (Корея) 3:0 есебімен ұтты.
Екі боксшымыз да ширек финалға шықты. Сәттібаев енді оңтүстік кореялық Ин Куммен, Жүсіпов австралиялық Давид Виддлимен кездеседі, деп жазады аламан.кз.