Қазақстан құрамасында 7, Өзбекстан құрамасында 9 жолдама бар

АСТАНА. KAZINFORM — Италияның Бусто-Арсицио қаласында өткен лицензиялық турнирден кейін Өзбекстан ерлер құрамасы толықтай жасақталды.

Бокс
Фото: pixabay.com

Ал Қазақстан ерлер құрамасында тек бір боксшы ғана жолдамаға қол жеткізе алмады.

Париж Олимпиадасына қатысатын Өзбекстан ерлер құрамасы:

Хасанбой Дусматов (51 кг)
Абдумалик Халоков (57 кг)
Руслан Абдуллаев (63,5 кг)
Асадхужа Муйдинхужаев (71 кг)
Турабек Хабибуллаев (80 кг)
Лазизбек Мулложонов (92 кг)
Баходир Жалолов (+92 кг)

Сонымен қатар Өзбекстан әйелдер құрамасының еншісінде тағы екі лицензия бар. Жалпы тоғыз жолдама.

Дәл қазір ең көп жолдама Австралия құрамасында. Толық 13 лицензияның 12-ін алып үлгерді. 

Ал Қазақстан ерлер құрамасының еншісінде алты, қыздар құрамасының еншісінде 1 жолдама, жалпы жеті лицензия бар.

Қазақстаннан Париж Олимпиадасына жолдама жеңіп алған Қазақстан боксшылары:

Сәкен Бибосынов (51 кг)
Сабырхан Махмұд (57 кг)
Асланбек Шымбергенов (71 кг)
Нұрбек Оралбай (80 кг)
Айбек Оралбай (92 кг)
Қамшыбек Қоңқабаев (+92 кг)
Әйелдер құрамасы
Карина Ибрагимова (57 кг)

Енді келесі іріктеу Банкгокта (Таиланд) 23 мамыр мен 3 маусым аралығында өтеді. Бірақ, ол турнирге нақты кімдердің баратыны әзірге белгісіз.

Соңғы жаңалықтар