Бокстан Президент Кубогы: Ерлер арасындағы алғашқы алтынды филиппиндік иеленді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада бокстан өтіп жатқан ҚР Президенті Кубогының финалдық айқастарында ерлер арасындағы алғашқы алтын жүлде үшін 49 келі салмақта сынға түскен Асхат Жүсіпов филиппиндік Пукихан Карлоға есе жіберіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл салмақта үшінші орындарға қазақстандық боксшы Шалқар Абылайхан мен Қырғызстан боксшысы Мирлан Турбай қол жеткізді.
Естеріңізге сала кетейік, бұрымды қыздар арасында өткен үш салмақтан да қазақстандық арулар көш бастады. Олар 51 келі салмақта Назым Қызайбай, 60 келі салмақта Римма Волосенко және 75 келі салмақта Дариға Шәкимова чемпион атанды.