Бокстан Президент Кубогы: Үш салмақтан да қазақ қыздары көш бастады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада бокстан ҚР Президенті Кубогының финалдық айқастарында бұрымды қыздар арасында өткен үш салмақтан да қазақстандық арулар көш бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бокстан Президент Кубогы: Үш салмақтан да қазақ қыздары көш бастады

60 келі салмақта финалда қос қазақстандық  боксшы Римма Волосенко мен Карина Ибрагимова жүдырықтасып, Ибрагимова жеңіске қол жеткізді.

Бұл салмақта үшінші орындарды Филиппин боксшысы мен ресейлік боксшы өзара бөлісті.

Ал 75 келі салмақта қазақ қызы Дариға Шәкимова мен Ресей аруы Дарима Сандакова қолғап түйістіріп, жеңісті қаракөз қарындасымыз қанжығасына байлады. Бұл салмақта үшінші орындарды индиялық Ловина Борджохайн мен біздің отандасымыз Фариза Шолтай иеленді.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін 51 келі салмақта Назым Қызайбай қарсыласы Жайна Шекербекованы ұтып чемпион болғанын хабарлаған болатынбыз.

Осылайша бұрымды арулар арасындағы  ҚР Президенті Кубогы өз мәресіне жетті.