Бокстан Президент Кубогы: жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада бокстан өтіп жатқан ҚР Президенті Кубогы өз мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Елорда төріндегі "Дәулет" спорт сарайында өткен додаға қазақ спортшыларынан бөлек, Өзбекстан, Иран, Үндістан, Тәжікстан, Филиппин, Оңтүстік Корея, Украина, Ресей, Моңғолия және Қырғызстан елдерінің былғары қолғап шеберлері сынға түсті.
Бұл беделі биік додада ерлер 10 салмақ санатында шаршы алаңға шықса, бұрымды қыздарымыз 3 салмақ санатында кім мықтыны өзара анықтады.
Бүгін алдымен қыздар арасындағы үш салмақтың жеңімпаздары, одан кейін 10 салмақта сынға түскен жігіттеріміз арасындағы чемпиондар белгілі болды.
Бас жүлде алған боксшыларға 2 мың, екінші орынға 1 мың, үшінші орын алған боксшыларға 5 жүз АҚШ доллары көлемінде ақшалай сыйақы табысталды.
Қыздар арасындағы жеңімпаздар мен жүлдегерлер:
51 келі:
1-орын - Назым Қызайбай (Қазақстан)
2-орын - Жайна Шекербекова (Қазақстан)
3-орын - Татияна Кок (Украина)
3-орын Светлана Солуянова (Ресей)
60 келі:
1-орын - Карина Ибрагимова (Қазақстан)
2-орын - Рима Волосенко (Қазақстан)
3-орын - Петикио Нестху (Филиппин)
3-орын - Людмила Оралова (Ресей)
75 келі:
1-орын - Дариға Шәкімова (Қазақстан)
2-орын - Дарима Сандакова (Ресей)
3-орын - Ловина Борджохайн (Индия)
3-орын - Фариза Шолтай (Қазақстан)
Ерелер асындағы жеңімпаздар мен жүлдегерлер:
49 келі:
1-орын - Пукихан Карло (Филиппин)
2-орын - Асхат Жүсіпов (Қазақстан)
3-орын Шалқар Абылайхан (Қазақстан)
3-орын - Мирлан Турбайұлы (Қырғызстан)
52 келі:
1-орын - Азат Махметов (Қазақстан)
2-орын - Олжас Байниязов (Қазақстан)
3-орын - Жәнібек Мусаев (Қазақстан)
3-орын - Аброржан Кадиров (Өзбекстан)
56 келі:
1-орын - Ілияс Сүлейменов (Қазақстан)
2-орын - Фернандез Марио (Филиппин)
3-орын - Жанболат Тілегенұлы (Қазақстан)
3-орын - Жанболат Қадырбев (Қазақстан)
60 келі:
1-орын - Сұлтан Зәуірбек (Қазақстан)
2-орын - Әділет Құрметов (Қазақстан)
3-орын - Серік Теміржанов (Қазақстан)
3-орын - Сүлеймон Латипов (Өзбекстан)
64 келі:
1-орын - Бекдәулет Ибрагимов (Қазақстан)
2-орын - Қуан Қуатов (Қазақстан)
3-орын - Гакбаатар Баярхуу (Монголия)
3-орын - Асқар Ерубек (Қазақстан)
69 келі:
1-орын - Садридин Ахметов (Қазақстан)
2-орын - Бобо-Усман Батуров (Өзбекстан)
3-орын - Бекзат Қалметов (Қазақстан)
3-оын - Адилет Батыралиев (Қырғызстан)
75 келі:
1-орын - Әбілхан Аманқұл (Қазақстан)
2-орын - Сапарбай Айдаров (Қазақстан)
3-орын - Ли Донг Юн (О. Корея)
3-орын - Манат Өмірзақов (Қазақстан)
81 келі:
1-орын - Бек Нұрмағамбетов (Қазақстан)
2-орын - Хеткун Юанг (О. Корея)
3-орын - Нұрдәулет Жарманов (Қазақстан)
3-орын - Еркін Адилбекұлы (Қырғызстан)
91 келі:
1-орын - Василий Левит (Қазақстан)
2-орын - Чаухан Гаурав (Индия)
3-орын - Азизи Мохаммад (Иран)
3-орын - Әділет Орынбасаров (Қазақстан)
+91 келі:
1-орын - Қамшыбек Қоңқабаев (Қазақстан)
2-орын - Нұрлан Сапарбай (Қазақстан)
3-орын - Нұрболат Сермаханов (Қазақстан)
3-орын - Рустамжон Исмаилов (Өзбекстан)