Бокстан Президент кубогында сынға түсетін боксшылар белгілі болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бокстан 15-21 шілде аралығында Нұр-Сұлтанда өтетін Президент кубогы додасында сынға түсетін боксшылардың есімі белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Ұлттық олимпиада комитеті хабарлағандай, Президент кубогы көптеген спортшылар үшін маңызды. Өйткені, әлем чемпионаты қарсаңында ұлттық құрама қатарына ілігетін боксшылар тап осы турнирде таңдалады.

Аталған хабарламада команда бас бапкері Ғалымбек Кенжебаев бокстан Президент кубогіне Азия чемпионатындағы құрам мен Спартакиада жеңімпаздары қатысатыны туралы айтқан. Бұл жолы бұрынғыдай он салмақ емес, сегіз салмақ дәрежесінде үздіктер анықталмақ.

Бокстан Президент кубогына қатысатын спортшылар:

52 келі - Әнуар Мұзапаров

57 келі - Қайрат Ерәлиев

63 келі - Зәкір Сафиуллин, Санатәлі Толтаев

69 келі - Асланбек Шымбергенов, Абылайхан Жүсіпов

75 келі - Тұрсынбай Құлахмет, Әбілхан Аманқұл, Талғат Шайкен

91 келі - Василий Левит, Айбек Оралбай

+91 келі - Қамшыбек Қоңқабаев

Соңғы жаңалықтар