Бокстан Президент кубогының проморолигі жарияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бокстан ҚР Президенті кубогының қашан өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Бокс федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бокстан Президент кубогының проморолигі жарияланды

Айтулы дода бойынша аталмыш сайтта ҚР Президенті кубогының проморолигі жарияланды.

«Сайыс ер адамдардың арасында 10 салмақ дәрежесі бойынша өткізіледі. Ал қыздар аталған сайыста 4 салмақ дәрежесінде (51, 57, 60 және 75 келі) өзара бақ сынасады», - делінген хабарламада.

Белгілі болып отырғандай, Қазақстан Республикасы Президенті кубогы 5-11 маусым аралығында «Дәулет» спорт кешенінде өткізілмек. Онда Қазақстан құрамасы мен бірқатар шет мемлекеттердің құрамалары қатысады.

«Өткен жылы турнирге 10 елдің боксшылары қатысқан еді. Биыл одан да көп елден боксшылар келеді деп күтілуде. Ұйымдастырушылар бкосшылардың санының артуымен турнирдің абыройы да арта түсетініне кәміл сеніп отыр. 2017 жылы Астанада 31 әйел боксшы мен 82 ер боксшы қатысқан еді», - делінген хабарламада.