Бокстан іріктеу турнирі: Бүгін шаршы алаңға кімдер шығады
АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін елорда төрінде Таиландтағы лицензиялық турнирге қатысатын боксшыларды іріктеу турнирінің жартылай финалдық айқастары өтеді.
ҚР Бокс федерациясы мәлім еткендей, 9 сәуірде шаршы алаңда 7 жұп өзара мықтыны анықтайды.
Атап айтсақ ерлер арасында 63,5 келі салмақта екі жұп шаршы алаңға шықса, әйелдер арасында 54 және 66 келі салмақта екі жұптан шаршы алаңға шықса, 75 келі салмақта Гүлсая Ержан мен Жібек Жарасқызы финалда жұдырықтасады.
9 сәуір күнгі жарыс кестесі:
63,5 келі:
Мұхаммедсабыр Базарбайұлы - Жандос Қарабалиев
Серік Теміржанов - Дулат Бекбауов
54 келі
Ұлжан Сәрсенбек - Жайна Шекербекова
Сымбат Әлиасқар - Анель Сақыш
66 келі
Милана Сафронова - Наталья Богданова
Лаура Есенгелді - Жасмин Қизатова
75 келі
Гүлсая Ержан - Жібек Жарасқызы
Кездесулерді 16:00-де Qazsport арнасы тікелей эфирден көрсетеді.
Естеріңізге сала кетейік, кеше ширек финалда кімдердің жеңіске жеткенін жазған болатынбыз.