Бокстан «Төрт елдің кубогы»: Қазақстан құрамасы жеңімпаз!

Соңғы кездесуде қазақстандық боксшылар Украина құрамасын 9:1 есебімен ойсырата ұтты, деп хабарлайды www.vesti.kz.
Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы ұпайды Біржан Жақыпов (49 келі салмақтық дәреже) алып келді, ол Назар Куротчинді жеңді. Оның соңынан, сенімді жеңістеріне Александр Шепелюкті жеңген Ілияс Сүлейменов (52 келі) - 19:8, Олег Пурдкиді жеңген Қайрат Ералиев - 18:12 қол жеткізді.
Қазақстандықтардың басымдығын Павел Ищенконың (60 келі) қолынан жеңісті суырып алған Ғани Жайлауов бекіте түсті - 11:9, ал Айдар Әмірзақов (64 келі) Олег Неклюевтен басым түсіп - 17:8, өз командасын алдын ала жеңіске жақындатты.
Ал дәл сол алдын ала жеңісті Денис Лазаревпен (69 келі) жұдырықтасқан Бақытжан Қожабеков алып келді - 19:9. Дегенмен, келесі кездесуде қазақстандықтардың көңілі бір түсті, Жәнібек Әлімханұлы (75 келі) жеңіліс тапты. Қазақстан құрамасын ұтқан жалғыз жеңістің авторы Евгений Хитров болды.
Қалған қазақстандық боксшылар артылған сенімді ақтап, өз жекпе-жектерінде мерейлері үстем болды. Мәселен, Әділбек Ниязымбетов (81 келі) Иван Нестеренконы, Антон Пинчук (91 келі) Арсен Азизовты, ал Иван Дычко (+91 келі) Владимир Кацукты соққылардың астына алды.
Еске салайық, бұған дейін қазақстандық боксшылар Әзербайжан және Өзбекстан командаларын сәйкесінше, 9:1 және 8:2 есептерімен жеңген болатын.