Бокстан төрт салмақта әлем чемпионы Котто 2 желтоқсанда соңғы айқасын өткізеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бокстан төрт салмақтағы әлем чемпионы пуэрторикалық Мигель Котто 2 желтоқсан күні Нью-Йорктегі танымал "Мэдисон-сквер-гарден" аренасында соңғы айқасын өткізеді, деп хабарлайды RT.
None
None

Котто  шыққан тегі иемендік АҚШ боксшысы Садам Әлиге қарсы бірінші орта салмақта WBO белбеуін қорғайтын болады.

Мигельдің қоржынында 41 жеңіс (33-і нокаутпен) және бес жеңіліс бар. Котто бірінші жартылай орташа салмақта, жартылай орта салмақта, бірінші орта және орта салмақта әлем чемпионы титулдарын иеленген және Демаркус Корли, Пол Малиньяджи, Заб Джуда, Шейн Мозли, Антонио Маргарито, Рикардо Майорга, Серхио Мартинес сияқты былғары қолғап шеберлерінің сағын сындырған.

Әли 25 жекпе-жекте (14 нокаутпен) жеңіске жетіп, бір рет жеңіліс тапқан. 

Соңғы жаңалықтар