Бокстан жаңа ел чемпиондары анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Талдықорғандағы жазғы республикалық спартакиада аясында өткен бокс бойынша ел чемпионатының соңғы жекпе-жектері аяқталып, жеңімпаздар анықталды, деп хабарлады Қазақстандық Бокс федерациясының баспасөз қызметінен.
None
None

Ең көп жүлдені Алматы облысы жеңіп алды - аймақтан 4 жаңа ел чемпионы шықты. Оңтүстік Қазақстан спортшылары екі алтын жүлдені алса, Қарағанды, Атырау, Қызылорда облыстары мен Астана қаласының қанжығасында бір-бір алтын медальдан бар.

Жекпе-жектердің қорытындылары мен 2015 жылғы чемпиондардың тізімі: 49 келі Мардан Берікбаев пен Жомарт Ержанның ақтық жекпе-жегі 29:28, 29:28, 29:28 есебімен аяқталды. 1 орын - Мардан Берікбаев (Алматы облысы) 2 орын - Жомарт Ержан (ОҚО) 3 орын - Ермек Мәдиев (Жамбыл облысы), Бағдат Толыбаев (Алматы)

52 келі Азат Махметов пен Азамат Исақұловтың кездесуі 29:28:0, 28:29, 29:28 есебімен аяқталды. 1 орын - Азат Махметов (Астана) 2 орын - Азамат Исақұлов (Маңғыстау облысы) 3 орын - Мирас Жақыпов (ШҚО), Әнуар Мұзапаров (Алматы) 56 келі Дидар Өтелбаев ұпай саны бойынша Нұрбол Қалжановты ұтты - 30:27, 29:28, 29:28. 1 орын - Дидар Өтелбаев (Алматы облысы) 2 орын - Нұрбол Қалжанов (Маңғыстау облысы) 3 орын - Нұрсұлтан Қошеғұлов (Ақмола облысы), Мадияр Жанұзақ (Астана) 64 келі Алмасбек Әлібековтың Сабыржан Бақбергеновқа қарсы үш раундының қорытындылары - 30:27, 30:27, 29:28. 1 орын - Алмасбек Әлібеков (ОҚО) 2 орын - Сабыржан Бақбергенов (Ақмола облысы) 3 орын - Мақсат Жексенби (Қарағанды облысы), Айдар Әмірзақов (ШҚО)

69 келі Бекзод Халметов пен Азамат Досмағанбетовтың арасындағы жекпе-жек қорытындысы - 29:28, 30:27, 29:28. 1 орын - Бекзод Халметов (ОҚО) 2 орын - Азамат Досмағанбетов (Атырау облысы) 3 орын - Ернар Ешенов (Алматы облысы), Әділет Дәмешов (Ақтөбе облысы) 75 келі Жәнібек Әлімханұлы мен Ерік Әлжановтың кездесуінің қорытындылары: 30:27, 30:27, 30:27. 1 орын - Жәнібек Әлімханұлы (Алматы облысы) 2 орын - Ерік Әлжанов (Маңғыстау облысы) 3 орын - Алмасбек Орынғалиев (БҚО), Манат Өмірзақов (ШҚО) 91 келі Арбек Әбдіғаниев пен Рахман Әлжанов жекпе-жекті 28:29, 28:29, 28:29 есебімен аяқтады. 1 орын - Рахман Әлжанов (Атырау облысы) 2 орын - Арбек Әбдіғаниев (Алматы облысы) 3 орын - Олжан Бұқаев (Павлодар облысы), Алексей Севостьянов (Қарағанды облысы)

+91 келі Қамшыбек Қонқабаевтың Нұржан Бекзатовқа қарсы шыққан жекпе-жегінің қорытындылары - 29:28, 29:28, 28:29. 1 орын - Қамшыбек Қонқабаев (Қызылорда облысы) 2 орын - Нұржан Бекзатов (ОҚО) 3 орын - Әли Балоев (Алматы облысы), Нұрсұлтан Аманжолов (Жамбыл облысы).

Соңғы жаңалықтар