Бокстан жастар арасында Азия чемпионаты: Қазақстан қыздар құрамасы үздік үштікті түйіндеді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Таиланд астанасы Бангкок қаласында 22 жасқа дейінгілер арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан қыздар құрамасы медальдар есебі бойынша үздік үштікті түйіндеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық қыздар Азия додасында 2 алтын, 7 қола жүлдеге ие болды.

Медальдар көшін 5 алтын, 3 күміс, 2 қоламен Өзбекстан боксшылары бастады. 3 алтын, 1 күміс, 1 қоласы бар Таиланд құрамасы екінші орыннан көрінді.

Қыздар арасында медальдар есебі:

1. Өзбекстан — 5-3-2

2. Таиланд — 3-1-1

3. Қазақстан — 2-0-7

4. Моңғолия — 1-3-2

5. Қытай — 0-2-0

6. Вьетнам — 0-1-3

7. Непал — 0-1-2

8. Сингапур — 0-0-1

9. Индонезия — 0-0-1.

Ертең 22 жасқа дейінгілер арасында Азия чемпионатында жігіттерден алты қазақстандық боксшы алтын жүлде үшін таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын бокстан жастар арасында Азия чемпионатында қазақстандық спортшының жеңімпаз атанғанын жазған едік.

Сондай-ақ бокстан жастар арасында Азия чемпионатында Гүлсая Ержан алтын алды.


Фото: Instagram/boxingkazakhstan


Соңғы жаңалықтар
telegram