Бокстан жастар арасында Азия чемпионаты: Махмуд Сабырхан алтын үшін таласады

АСТАНА. ҚазАқпарат – Таиланд астанасы Бангкок қаласында 22 жасқа дейінгілер арасында бокстан өтіп жатқан Азия чемпионатында Махмуд Сабырхан финалға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бокстан жастар арасында Азия чемпионаты: Махмуд Сабырхан алтын үшін таласады

Қазақстандық боксшы 57 келіге дейінгі салмақта филиппиндік Джеричо Акайлармен финалдың жолдамасын сарапқа салды.

Махмуд екінші раундта қарсыласын нокдаунға жіберіп, айқын басымдылықпен жеңді. Төрешілер есебі – 5:0.

М.Сабырхан соңғы бәсекеде таиландтық Саравут Суктетпен алтын медаль үшін таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын бокстан Азия чемпионатында Махмуд Сабырханның қарсыласын нокаутпен жеңгенін жазған едік.

Сондай-ақ үш қазақстандық жартылай финалға шықты.

Жартылай финалда тағы бір жолдама қолда.

Қазақстандық екі боксшы финалға шықты.


Фото: olympic.kz