Болашақ алюминий саласының инженерлеріне арналған оқулық Павлодарда шықты
ПАВЛОДАР. Қыркүйектің 12-сі. ҚазАқпарат /Николай Кузнецов/ - «Алюминий электр металлургиясы» деп аталатын кітап Павлодарда жарық көрді.
Оның авторлары - «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ Президенті Алмаз Ибрагимов пен осы АҚ-ның вице-президенті Рева Пак.
Кітаптың Павлодар жоғары оқу орындары металлургия пәнінің оқытушылары өзіндік оқу құралы болып табылатынын атады. Авторлар алюминий алудың қазақстандық технологиясының ерекшеліктерін егжей-тегжейлі сипаттап жазған.