Болашақ әскери қызметшілерді тарих арқылы тәрбиелейді (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әскери-патриоттық тәрбие беру - жоғары патриоттық сана-сезім, Отанына деген адалдық сезімі, Отанымыздың мүддесін қорғау жөніндегі азаматтық борышты, маңызды конституциялық міндетті орындауға әзір болудың негізі.

Болашақ әскери қызметшілерді тарих арқылы тәрбиелейді (ФОТО)

Болашақ қазақстандық әскери қызметшілер - әскери-патриоттық клубтардың тәрбиеленушілері, спорттың әскери-қолданбалы түрлері бойынша сайыс жеңімпаздары, сондай-ақ республикалық әскери-мектеп интернаттарының тәрбиеленушілері, жоғары оқу орындары әскери кафедраларының студенттері.

Барлық өңірлерде, қалаларда жастарымыздың білім алуы, спортпен шұғылдануы және өз Отанының лайықты азаматының барлық қасиеттері болуы үшін қолайлы жағдайлар жасалуда. Маңызды құрамдасы өз өмірлерін бейбіт өміріміз үшін жан кешкен батырлар туралы әңгімелер, патриотизмнің нағыз мектебі туралы бүкпесіз айтып беретін соғыс ардагерлерімен кездесу болып табылады. Сонымен, Алматыда әскери госпитальдің клубында Құрлық әскерлері Әскери институтының 300-ге жуық курсанты «Қазақ даласының батырлары» деректі фильмін тамашалады және оларға Мәскеуді қорғау кезінде Ұлы Отан соғысының қазақ батырларының ерліктері туралы айтып берді. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

«Сіздердің асыл мақсаттарыңыз - ол Отан қорғау. Соғыспайсыздар деп үміттенемін. Алайда, ол болып жатса, мықты қорғанымыз бар екенін білеміз», - деді Кеңес Одағының батыры генерал-майор Иван Панфиловтың немересі Алуа Байқадамова. Алматы қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаменті ұйымдастырған іс-шараға генералдар кеңесінің өкілдері, Ауған соғысының ардагерлері келді. Ол «Нас миллионы панфиловцев» атты халықаралық еске алу вахтасының акциясы шеңберінде өтті. . Сонымен қатар Астанада ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталығының киноконцерт залында «Жас ұлан» республикалық мектебінің, әскери-патриоттық клубтардың тәрбиеленушілері, 68665 әскери бөлімінің әскери қызметшілері, жоғары оқу орындары әскери кафедралараның студенттері, яғни, барлығы 300-ден астам адамға «Сталинград үшін шайқас» деректі фильмі көрсетілді. Картина Сталинградтық айқас туралы ғылымда бар барлық әйгілі деректерді, әскери тарихта осы уақытқа дейін баламалары жоқ Екінші дүниежүзілік соғыстың шайқасы туралы сыр шертеді.