«Болашақ» бағдарламасы бойынша мектеп түлектеріне 20 стипендия беріледі

АСТАНА. KAZINFORM — «Болашақ» бағдарламасы аясында бакалавриат деңгейінде оқуға арналған жаңа бағыт іске қосылады. Халықаралық бағдарламалар орталығында мектеп түлектеріне арналған стипендияға іріктеудің негізгі шарттары түсіндірілді. 

«Болашақ» бағдарламасы бойынша мектеп түлектеріне 20 стипендия беріледі
Фото: freepik

Орталықтың мәліметінше, жаңа бағыт дарынды мектеп түлектерін қолдауға және зияткерлік әлеуеттің шетелге кетуінің алдын алуға бағытталған. 

Жаңа бағыт бойынша барлығы 20 шәкіртақы бөлу жоспарланып отыр.

— Іріктеуге тек соңғы үш жыл ішінде жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың, ғылыми жобаларға арналған халықаралық конкурстардың немесе халықаралық орындаушылар байқауларының I–III дәрежелі дипломдарын иеленген Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады, — деп нақтылады Халықаралық бағдарламалар орталығында.

Бұған дейін аталған бағдарлама аясында ғылыми тағылымдамаларға іріктеу қалай өзгеретінін жазғанбыз.

Сонымен қатар 2026 жылы «Болашақ» стипендиясын тағайындау тәртібіне өзгеріс енгізіледі.

Соңғы жаңалықтар