«Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алған 750 шәкірт елімізге оралды - Қ. Саудабаев

А. Қаңтардың 19-ы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - ҚР Президентінің «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелдік жоғарғы оқу орындарында білім алған 750 шәкірт елге келді, бұл рекордтық сан.

«Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алған 750 шәкірт елімізге оралды - Қ. Саудабаев

Бұл туралы бүгін Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысында ҚР Мемлекеттік хатшысы- Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өткен жылдың қорытындысы айтарлықтай көңіл марқайтады. Тұңғыш рет Қазақстанға шетелдің озық жоғарғы оқу орындарын тәмәмдаған 750 адам келді. Олар бүгінде біздің еліміздің одан әрі даму үдерісіне араласып кетті», деді отырыста Қ. Саудабаев.

Осы орайда Қ. Саудабаев ҚР Президентінің «Болашақ» шәкіртақысын тағайындауға үміткерлерді іріктеу кезінде Мемлекет басшысы айқындап берген жоғары критерийлерді назарға алуды жалғастыру қажеттігін атап көрсетті.