«Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының еңбекпен өтеу тәртібі өзгермек

«Стипендиат осы жылы шетелде академиялық оқуын аяқтаған кезде 12 айдан аспайтын еңбекпен өтеу бойынша міндеттемелерін орындау стипендиаттың өтініш берген сәтінде «Fortune Global 500», «Forbes Global 2000», «Forbes Top 100 Digital Companies» әлемдік рейтингілеріне кіретін ұйымдарда өндірістік тағылымдамадан өту кезінде кейінге қалдырылады. Сонымен қатар, Қазақстан шегінен тыс орналасқан 12 айдан аспайтын мерзімге Біріккен Ұлттар Ұйымының халықаралық ұйымдарында тағылымдамадан өту кезінде кейінге қалдырылады. Алған мамандығы бойынша 12 айдан аспайтын мерзімге посдокторантурадан өтіп жатса, онда оның еңбекпен өтеу міндеттемелері кейінге шегеріледі», - делінген жаңа редакцияда.
Ескеретіні – еңбекпен өтеуді кейінге қалдыру мүмкіндігі стипендиатқа тек 1 рет беріледі.
Айта кетейік, қазіргі қолданыстағы бұйрықта мұндай норма жоқ.
Құжат 25 қаңтарға дейін көпшілік талқылауда болады.