«Болашақ» бағдарламасы түлектерінің басым бөлігі жекеменшік компанияларда жұмыс істейді
АСТАНА. 19 шілде. ҚазАқпарат - Бүгінде «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелде оқып келген Қазақстан жастарының басым бөлігі жекеменшік компанияларда жұмыс істейді.
«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ таратқан мәліметке сәйкес, түлектердің 20 пайызы мемлекеттік қызмет саласында жұмыс істесе, 21 пайызы - ұлттық компанияларда, 4 пайызы - халықаралық және үкіметтік емес ұйымдарда, ал 55 пайызы жекеменшік компанияларда еңбек етіп жүр.