«Болашақ» бағдарламасымен оқуын биыл бітіріп келген 87 түлек жұмысқа орналасқан жоқ - Б.Жұмағұлов
Бұл туралы бүгін ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық бағдарламасын іске асыру қорытындыларына арналған Үкімет отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов айтты.
Біріншіден, Елбасының тапсырмасымен былтырдан бастап біз бітіріп келген түлектердің толық мониторингін жасайтын болдық. Екіншіден, қазіргі уақытта жұмысқа орналаспаған түлектердің саны тек қана 87 бала», - деді ол.
Оның атап өтуінше, аталған түлектер оқуларын 2013 жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында бітіріп келген.
«Олардың жұмысқа орналаспауының басты себебінің бірі әр мемлекетте диплом құжаттарын дайындау мерзімі 3 айдан 9 айға дейін созылады. Сондықтан қолдарына диплом тимей отыр. Дипломдарын алғаннан кейін барлығы жұмысқа орналастырылатын болады», - деді Б.Жұмағұлов.