«Болашақ» бағдарламасын жүзеге асыру кезінде қызметтерді алу мемлекеттік сатып алулар заңының ықпалынан шығарылмақ

«Болашақ» бағдарламасының құқықтық қамтамасыз етілуі үнемі Парламенттің назарында. Мәселен, бүгінде Парламенттің жұмысында білім беру мәселелері бойынша заң жобасы қаралуда. Бұл құжат «Болашақ» бағдарламасын басқаруды жетілдіруді қарастырады. Оның ішінде «Болашақ» президенттік бағдарламасын жүзеге асыру кезінде қызметтерді алу «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Заңының ықпалынан шығарылады. Сонымен қатар «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамының қызметі нақты реттелген. Уақыт талабына сәйкес, елдің барша білім беру жүйесін жетілдіруге қатысты өзге де өзгертулер мен толықтырулар енгізілуде», - деді депутат.
Оның сөзіне қарағанда, қазіргі кезде жаңғырту жұмыстары жүріп жатқан кәсіпорындарда ғылыми-иехникалық қызметкерлердің тапшылығы байқалуда. Осыған байланысты «Болашақ» бағдарламасы бойынша өңірлердің тұрғындарын, оның ішінде ауылдық жастарды оқытуға белсендірек тарту қажет.