«Болашақ» бағдарламасына құжаттар қабылдау жалғасуда

АСТАНА. 17 шілде. ҚазАқпарат - «Болашақ» бағдарламасына құжаттар қабылдау жалғасуда, деп хабарлады  «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның баспасөз қызметінен.

«Болашақ» бағдарламасына құжаттар қабылдау жалғасуда

«Биылғы жылы құжаттар магистратура, доктарантура бағдарламалары,  ғылым, ұстаздық, медициналық және инженерлік-техникалық тағылымдамалар бойынша қабылданады. Құжаттарды қабылдау мерзімі 2012 жылдың мамыр айының 14-нен бастап  қазан айының 1-не дейін, өздігінен түсушілерге 2012 жылдың 14 мамырынан  25 шілдеге дейін ұзартылды», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Елбасы Н.Назарбаев  бірнеше жылдар бойы «Болашақ» бағдарламасына ерекше көңіл бөліп келеді. Мемлекет басшысының «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» мақаласында да білім жүйесі қызметіне қолжетімділік мәселесі көтеріліп, «Болашақ» бағдарламасына дарынды жастардың  еліміздің барлық аймақтарынан, әсіресе ауылдық жерлерінен тарту жайты айтылған.