«Болашақ» бағдарламасына «магистратураға үміткер инженерлік-техникалық қызметкер» санаты енгізіледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Болашақ» бағдарламасына «магистратураға үміткер инженерлік-техникалық қызметкер» санаты енгізіледі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Ғани Нығметов мәлім етті.

«Болашақ» бағдарламасына «магистратураға үміткер инженерлік-техникалық қызметкер» санаты енгізіледі

«2016 жылдан бастап үміткерлердің «ЖОО түлегі» санатын алып тастау жоспарлануда. Бұл санаттың орнына «магистратураға үміткер инженерлік-техникалық қызметкер» атты жаңа санат енгізілетін болады»,- деді Ғ.Нығметов.

Оның атап өтуінше, бұл «Болашақ» бағдарламасының инженерлік әлеуетін арттыру үшін қолға алынуда. Жоғары техникалық білім алған және өндірісте 2 жыл жұмыс өтілі бар азаматтар «Болашақ» бағдарламасымен магистратурада білім ала алады.