13:11, 16 Сәуір 2013 | GMT +5
«Болашақ» бағдарламасының 1 стипендиатына жылына 5,6 млн. теңге жұмсалады - С.Нұрбек
АСТАНА. 16 сәуір. ҚазАқпарат - «Болашақ» бағдарламасының 1 стипендиатына жылына 5,6 млн. теңге жұмсалады.
Бұл туралы бүгін ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық бағдарламасын іске асыру қорытындыларына арналған Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне сұхбат берген «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Президенті Саясат Нұрбек мәлім етті.
«Стипендиаттар оқуының орташа шығыны бүгінгі таңда 13,5-14 млрд. теңгені құрайды. Орташа алғанда бір стипендиатқа жылына 5 млн. 623 мың теңге жұмсалады», - деді ол.
Сонымен қатар оның атап өтуінше, «Болашақ» бағдарламасымен шет елде білім алатын қазақ жастарының стипендиясы айына 2 мың АҚШ долларын құрайды.