«Болашақ» бағдарламасының түлектеріне арналған инженерлік-технологиялық мамандықтар бойынша бос орындар жәрмеңкесі өткізіледі
АСТАНА. 12 қыркүйек. ҚазАқпарат. Бос орындар жәрмеңкесі, үстіміздегі жылғы қыркүйектің 14-і мен 16-сы аралығында Астанадағы «Тәуелсіздік» сарайында, Орта Азиядағы ауқымды «Digital Communications Kazakhstan-2011» көрме-конференциясының шеңберінде өтеді.
Бұл туралы «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ баспасөз қызметі хабарлады. Бұл жобаға медиа қоғамдастықтардың өкілдері, білім беру мекемелерінің басшылары, «GSM Kazakhstan/Kcell», «Google», «Facebook», «Mail.ru», «IAB Europe», «Kiwi.kz» сияқты ұлттық және жеке меншік компаниялар, сонымен қатар операторлар мен жабдықтаушы, қызметтер ұсынушы жетекшілер, инвесторлар мен ұжымдық тұтынушылар қатысады.
Халықаралық және Қазақстандық компаниялар IT, мобилдік байланыс, телекоммуникация, банк саласы мен интернет және қосымша бағдарламалар төңірегіндегі ең озық технологияларды таныстырады.
Халықаралық бағдарламалар орталығы «Болашақ» бағдарламасының түлектерін бос орындар жәрмеңкесіне шақырады. Ізденушілер әлеуетті компаниялар және жұмыс берушілермен кездесуге мүмкіндік алады. «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Саясат Нұрбек бұл жәрмеңке, қатысушылар үшін қызметтік белестерге алғашқы қадам жасауға мол мүмкіншілік беріп, болашақ ұрпаққа үлкен серпін сыйлайтынына сенім артады.
«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ «Болашақ» бағдарламасының түлектерін жұмыспен қамтамасыз етудің жан-жақты, жүйелі жолын жетілдіруде.
1) «Болашақ» бағдарламасы бойынша мамандарды оқыту мен іріктеу жүйесі қайта қарастырылған. Бұдан былай ол жұмыстың ұжымдық мақсатты қағидасына қарай бағытталады. Оның негізі - басым саланы қажетті маманмен қамтамасыз ету мен осы сұранымдарды қамтамасыз ету үшін мақсатты жеңілдіктерді бөлуде нақты сараптамалар жасау. Ең алдымен, басты салаларға назар аударылады. Олар: инудустриалды-инновациялық даму, білім мен ғылым, мемлекеттік басқару. Сонымен қатар, әлеуетті жұмыс беруші мен түлектер арасында тікелей кураторлық бағыт пен оларды оқулары аяқталған кейін қызметке орналастыру ісі кеңінен енгізілуде.
2)Орталық, мемлекеттік органдармен, ұлттық компаниялармен, агенттіктермен, банк және жеке меншік компаниялармен байланыс орнатуда. Бүгінгі таңда, бірлесе жұмыс жасау туралы 70-ке жуық меморандумдар бекітілген.
3) «Халықаралық бағдарламалар орталығы» және жұмыс берушілер мен мемлекеттік органдар арасында «жұмыс үшбұрышы» деп аталатын жаңа бағыт құрылуда.
Стипендиат «Халықаралық бағдарламалар орталығына» оқып жүрген кезінде тапсырыс береді, тапсырыс қарастырылып, «Болашақ» түлегі оқуын бітіргеннен кейін жұмысқа орналасуға үлкен мүмкіндік алады.
Яғни, жұмыс беруші оқу бағдарламасымен танысып, стипендиаттың жазғы демалыс кезінде өндірістік тәжірибеден өтуін қамтамасыз етеді. Оқу кезінде стипендиат жұмысшы топ жұмысына тартылып, сараптамалық материалдар мен статистикалық мәліметтер беріп отырады. Ал оқуын аяқтаған соң, жұмыс беруші өндірістік тәжірибесі мен оқуына қарай отырып, түлекті жұмыспен қамтамасыз ету мәселесін қарастырады. Ал Стипендиат жұмыспен қамтамасыз етілу немесе оқып жүрген мерзімінде қызмет орнын сақтау сияқты мүмкіндікке ие болады.
«Digital Communications Kazakhstan-2011» көрме-конференциясы инженерлік-технологиялық мамандық бойынша түлектердің ауқымды халықаралық және Қазақстандық бастаушы менеджерлермен кездесулеріне жақсы мүмкіндік болып табылады.