«Болашақ» басшысының үстінен түскен шағымға қосылған жоқпыз - Тілеубергенов

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ында өткен баспасөз мәслиxатында бірқатар қызметкерлер орталық басшының үстінен түскен шағымға қосылмағанын мәдімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Болашақ» басшысының үстінен түскен шағымға қосылған жоқпыз - Тілеубергенов

«Мен өзім - «Болашақ» бағдарламасының түлегімін. Осы жерде үш айдай жұмыс істедім. Мені жаңа басшылық шақырған. Біз «Болашақ» бағдарламасына қатысты зерттеу-талдау жұмыстарын жүргіздік. Кешегі xатта менің де есімім жүр. Бірақ мені жұмыстан ешкім қуған жоқ. Мен үш айлық жобаны атқару үшін келгенмін. Соны аяқтаған бойда өз еркіммен басқа жаққа кеттім. Ал орталық басшысына қарсы жазылған xатта менің аты-жөнімді қосып жіберген. Менен ешкім рұқсат сұраған да жоқ. Қолымды да қойған жоқпын», - дейді Ілияс Тілеубергенов.

Оның айтуынша, жаңа басшылық оны қалдырғысы келген. Бөлім басшының қызметін де ұсынды. Алайда Ілияс «Болашақ» бағдарламасы алдындағы өз қарызын өтеп бергеннен кейін жеке кәсіппен айналысқанды жөн көрді.

Ал Самал Қамарина орталықта әлі істеп жатыр. Алайда оның есімі де xатта жүр.

«Мен конкурстық процедуралар департаментін басқарамын. Хатта менің жұмыстан кетіп жатқаным жайында жазылды. Иә, мен кетейін деп жатырмын. Алайда маған ешкім қысым жасаған жоқ. Департаментте істейтін қызметкерлер де өз еркімен кетіп жатыр. Мен өзім осы жерге 11 жыл бұрын келгенмін. Қарапайым менеджер қызметінен департамент басшысына дейін өстім. Біраз нәрсеге үйрендім. Енді, басқа жақтан ұсыныс түсіп жатыр. Негізі, мен өткен жылы желтоқсана айында кетемін де ойлағанмын. Алайда қазіргі басшылық мені ұстап қалды», - деді Қамарина. Ол да желіде тараған шағымға қол қоймағаны жайында айтып отыр.

Айта кетейік, бұған дейін «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ бір топ қызметкері орталық басшысы Жанболат Мелдешовтің тарапынан заңға қайшы әрекет жасалғаны және дөрекілік танытқаны үшін шағымданған болатын. Бұқаралық ақпарат құралдарында сол жиналыстың видеосы да жарияланды. ҚР Білім және ғылым министрлігі орталық қызметкерлерінің шағымына байланысты кешенді қызметтік тексеріс өткізетіндігін мәлімдеді. Тексеріс нәтижелері анықталғанша, «ХБО» Президенті Жанболат Мелдешов өзінің қызметтік міндеттерін орындаудан уақытша шеттетілді.