«Болашақ» бойынша оқуды тастап кеткен жастардың ісі сотта қаралуда
АСТАНА. 18 шілде. ҚазАқпарат - «Болашақ бағдарламасы бойынша шетелде білім алып жүріп, оқуды тастап кеткен жастар да бар.
Бұл туралы бүгін «Болашақ» бағдарламасының түлектеріне арналған бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі аясында журналистерге сұхбат берген «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Саясат Нұрбек осылай айтты.
Оның сөзіне қарағанда, осы мәселеге қатысты 27 іс сотқа жіберілген. «Оның 20-сы біздің пайдамызға шешілсе, 7-еуі әлі қаралып жатыр. Заңға сәйкес, ондай азаматтар республикалық бюджеттен оның оқуына және шәкіртақысына кеткен шығынды өтеуі тиіс. Соттың шешімімен оған 10-15 жыл беріледі. Ал кепілдікте тұрған үй-жайлар шығынды өтеудің ең соңғы шарасы ретінде қарастырылады», - дейді С.Нұрбек.