«Болашақ бүгіннен басталады!» акциясының ауқымында Астанада Қазақстан жастар ұйымдарының көшбасшылары бас қосады

АСТАНА. 16 мамыр. ҚазАқпарат - Астанада 17 мамырда «Болашақ бүгіннен басталады!» акциясы ауқымында Қазақстан жастар ұйымдары көшбасшыларының кездесуі өтеді.
None
None

Шараға ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Б.А.Майлыбаев, «Жас Отан» Жастар қанатының атқарушы хатшысы Н.С.Өтешев, «Қазақстанның жастар конгресі» ЗТБ  атқарушы директоры Ш.А.Байманов, «Қазақстан студенттері альянсы» республикалық қозғалысының көшбасшысы Ч.Ж.Бескемпіров, «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары республикалық штабының жетекшісі И.В.Салиқожаев, «Қазақстанның азаматтық альянсы» ЗТБ-нің волонтерлікті дамыту бағдарламасының директоры В.Ким қатысады.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІХ сессиясында жастар саясатын жетілдіру жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру мәселелері талқыланады. Атап айтқанда, жастар ұйымдары өкілдері өз идеяларымен бөлісіп, 2020 жылға дейінгі мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасы жобасына ұсыныстарын ортаға салады, «Жас Отан» жастар қанаты жұмысын күшейту, жастар үшін жаңа әлеуметтік лифтілер қалыптастыру, жастар арасындағы үдерістерді зерттеу мәселелерін қозғайды.

Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІХ сессиясында сөйлеген сөзіндегі тапсырмаларын жүзеге асыру ауқымында жастар ұйымдары бүкіл ел бойынша 1000-нан астам кездесулер өткізіп, жастар саясатын жетілдіру жөнінде өздерінің ұсыныс-пікірлерін білдірді.

Сондай-ақ кездесу барысында «Жас Отан» жастар қанатының 2020 жылға дейінгі стратегиясын жасау, жастар еңбек жасақтарын, жастар бастамалары мен волонтерлік қозғалысты дамыту мәселелері жөніндегі ұсыныстар талқыланбақ.

Шара қорытындысымен жастар ұйымдары мәлімдеме жасап, Қазақстан Респуликасының Президенті, Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевқа үндеу қабылдау күтілуде.

Соңғы жаңалықтар