«Болашақ» халықаралық бағдарламасы стипендиаттары қауымдастығы кеңесіне жаңа мүшелер сайланды
СТАНА. Маусымның 14-і. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық бағдарламасы стипендиаттары қауымдастығы кеңесіне жаңа мүшелер сайланды, деп хабарлады қауымдастықтың баспасөз қызметі.
Кеңес мүшелері - мемлекеттік басқару, экономика, құқық, инновациялық менеджмент магистрлері, АҚШ пен Еуропаның жетекші жоғары оқу орындарының түлектері. Олар оқу бітіргеннен кейін мемлекекттік қызметте, корпоративтік бизнесте, зерттеу ұйымдарында және ел аймақтарында тәжірибе жинақтап үлгерді.
Кеңестің жаңа құрамы аудандарда жағдайды зерделеуді, жастардың шығармашылық, қоғамдық және кәсіби проблемаларымен айналысуды жалғастырады. «Күзде «Жаңа шешім» атты жоба басталады - бұл зерттеушілер, жаңашылдар мен өнертапқыштар үшін қауымдастық конкурсы, онда әркім өз идеяларын ұсынып, бәсекелестікке қабілеттерін бағалайды, сарапшылардың көмегімен өз мақсаттарын жүзеге асыру жолдары қарастырылады, сондай-ақ әріптестер мен инвесторлар, пікірлес адамдар іздестіріледі», - деп атап өтті баспасөз қызметі.
Өткен жылдың күзінде қауымдастық елдің облыстары мен қалаларында жастарға арналған 50-ден астам шара өткізді. Әрбір аймақтық университетте жастар проблемасына арналған кездесулер мен әңгімелесулер өтті.