«Болашақ» халықаралық бағдарламасының шеңберінде жаңа қоғамға сай педагогтер даярлауды бастаймыз - Б. Жұмағұлов

ТАНА. 25 тамыз. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Бұл туралы бүгін Астанада «Отбасы, мектеп, қоғам - игілікті болашақ үшін бірге!» республикалық педагогикалық форум барысында ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов мәлім етті.

«Болашақ» халықаралық бағдарламасының шеңберінде жаңа қоғамға сай педагогтер даярлауды бастаймыз - Б. Жұмағұлов

Оның айтуынша, қазіргі таңда педагогикалық мамандық бойынша мемлекеттік грантқа өту баллы - еліміздегі ең төменгі балл болып отыр. «Шетелдік тәжірибе мүлдем басқаша. Мысалы, Оңтүстік Кореяда үздік мектеп бітірушілердің 5%-ы, Финляндияда-10%-ы, Сингапур мен Гонконгта -30%-ы ұстаз болады», - деп түйді Б. Жұмағұлов.

Осыған орай, жоғары оқу орындарында мұғалімдерді даярлау жүйесін жаңарту қажет екендігіне тоқталған министр, «жоғары оқу орнындағы педагогикалық мамандықтар бойынша оқытудың тұжырымдамасы мен стандарттарын түбірімен қайта қарастырылатындығын" қадап айтты жиында.

Жаңа тұжырымдама бойынша, педагогтер даярлайтын жоғары оқу орындарының тізбесі қайта жасалмақ. Білім министрлігінің мәліметтері бойынша, қазір педагогтерді 89 жоғары оқу орны даярлайды. Әр жыл сайын 34 мың түлек бітіреді.

«Болашақ» халықаралық бағдарламасының шеңберінде жаңа қоғамға сай педагогтер даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды бастаймыз. Бұл үшін ағымдағы жылы 85 орынға квота бөлінді. Осылардың бәрі мұғалім кәсібіне деген қызығушылықты арттырады. Талантты және жігерлі жастарды педагог мамандығына тартуға мүмкіндік береді», - дейді Б. Жұмағұлов.