«Болашақ» халықаралық стипендиясының жүзеге асуымен халықты таныстыру мақсатында Ашық есік күні өтеді

АСТАНА. Сәуірдің 23-і. ҚазАқпарат - Ертең Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын әкімдеуші – «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ы Ашық есік күнін өткізеді,

 «Болашақ» халықаралық стипендиясының жүзеге асуымен халықты таныстыру мақсатында Ашық есік күні өтеді
деп хабарлайды ҚазАқпарат аталмыш орталықтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Іс-шараның басты мақсаты ? «Болашақ» халықаралық стипендиясының жүзеге асуымен халықты таныстыру және бағдарламаға қатысу мүмкіндіктері жөнінде ақпараттандыру. Бұл күні азаматтар Орталықтағы барлық құрылымдардың жұмысымен танысып, сұрақтарын қойып, «Болашақ» бағдарламасының жүзеге асуы бойынша нақты ақпарат алуларына болады. «Болашақ» халықаралық стипендиясы Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаевтың Қаулысымен 1993 жылғы қарашаның 5-інде тағайындалған. 2005 жылы Мемлекет басшысы «Болашақ» бағдарламасы бойынша жыл сайын 3000 талантты қазақстандықтарға әлемнің үздік жоғары оқу орындарынан білім алу мүмкіндігін беру қажет екндігін айтқан болатын. Аталған міндетті іске асыру мақсатында 2005 жылғы сәуірдің 4-інде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жанынан «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ құрылды. Бүгінгі таңда «Болашақ» халықаралық стипендиясы аясында шетелде 2 677 адам білімін жалғастыруда. Қазіргі уақытта 1 464 қазақстандық «Болашақ» бағдарламасының түлегі атанған.