«Болашақ» қауымдастығының мүшелері Қазақ ұлттық медицина университетінің студенттерімен кездесу өткізді

АЛМАТЫ. Мамырдың 23-і. ҚазАқпарат /Таңжарық Ілиясұлы / - Бүгін «Болашақ» қауымдастығының мүшелері С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің студенттерімен кездесті,

«Болашақ» қауымдастығының мүшелері Қазақ ұлттық медицина университетінің студенттерімен кездесу өткізді
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Елбасымыз және халқымыз сенім артқан «Болашақ» степендиаттары Отан алдындағы жауапкершіліктерін терең сезінетіндерін ерекше атап көрсетті.Түлектердің арасында еліміздің әр түрлі салаларында жұмыс жасайтын кәсіби деңгейі жоғары, сапалы мамандар көп. Статистикалық мәлімет бойынша, шетелде оқып жатқан болашақ медицина саласының мамандарының 50 пайыздан астамы Ресейде, қалғандары Еуропа мен АҚШ-та білім алуда.Кездесуде «болашақтықтар» елдегі қазіргі экономикалық жағдай, дағдарыстан кейінгі әл-ауқаттың даму мүмкіндіктері туралы өз ойларын білдіріп, Елбасының «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» атты биылғы халыққа Жолдауы және одан туындайтын міндеттер мен мақсаттар жайлы сөз қозғады. Олар сонымен бірге «Болашақ» степендиясына қатысты студенттерді толғандырып жүрген сұрақтарға жауап берді .